«Ақтөбе – Мақат» тасжолының Қандыағаш бағытындағы бөлігінде «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Ақтөбе облыстық филиалының маманы жараланған аққуды байқап, оған көмек көрсеткен.
Құсты қарап шыққанда, оның қанаты зақымданғаны анықталды. Жол маманы қанатты құстың тағдырына бейжай қарамай, оны қауіпсіз жерге алып шықты. Алдағы уақытта аққуға қажетті ем-дом жасалып, күтім көрсетілуі үшін тиісті мекемелерге табысталады. Жолдағы қауіпсіздік – адам өмірін қорғаумен ғана шектелмейді. Табиғатқа жанашырлық танытып, әрбір тіршілік иесіне қамқор болу да – азаматтық жауапкершіліктің белгісі, - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰҚ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін шекарашылар Қызыл кітапқа енген 11 сұңқарды заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.
Тағы оқи отырыңыз:
Жануарлармен сөйлесу дәуірі жақын ба? Ғалымдар ЖИ мүмкіндігін зерттеп жатыр
Қарағанды тұрғыны 35 жыртқыш құсты заңсыз ұстаған
«Бәйтерек» маңында атпен жүрген адам жауапқа тартылды