Ақтөбе облысында WhatsApp-тағы бір қоңырау 71 жастағы әйелді пәтерінен айырды

Белгісіз нөмірден басталған әңгіме несиеге, кейін пәтерін сатуға ұласты. Полиция мұндай схеманың қалай жұмыс істейтінін ескертті.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 12:07
Бүгiн 2026, 12:07
174
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Ақтөбе облысында 71 жастағы зейнеткер телефон алаяқтарының құрбаны болды. Алаяқтар психологиялық қысым жасап, әйелді несие рәсімдеуге, кейін өз пәтерін сатуға көндірген.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, алдымен әйелге WhatsApp мессенджері арқылы өзін «Энерго Снаб» ЖШС-нің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам хабарласып, электр есептегішін ауыстыру қажет екенін айтып, 1414 нөмірінен келген кодты айтуды сұраған. Кейін оған өздерін eGov.kz порталының және Ұлттық Банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріміз деп таныстырған алаяқтар хабарласып, есепшотындағы қаражатқа қауіп төніп тұрғанын айтып, ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуға көндірген.

Алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткер 500 мың теңге көлемінде несие рәсімдеп, ақшаны олардың көрсеткен шотына аударған. Кейін олар әйелді «мүлкін сақтап қалу» үшін пәтерін шұғыл сатуға үгіттеген. Соның салдарынан ол пәтерін 7,5 миллион теңгеге сатып, түскен қаржының бір бөлігін банк арқылы аударып, қалғанын курьерге берген, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.

Банк қызметкерлері күмәнді операцияны байқап, әйелді бірнеше рет ескертіп, ақшаны аудармауға көндіруге тырысқан. Алайда алаяқтардың ықпалында болған зейнеткер олардың ескертуіне құлақ аспаған.

Жәбірленуші аталған әрекеттердің барлығын алаяқтардың психологиялық ықпалы мен алдауының салдарынан жасаған.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарды егде жастағы туыстарымен үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырады. Мемлекеттік органдардың, банктердің және коммуналдық қызметтердің өкілдері ешқашан SMS-кодтарды айтуды, несие рәсімдеуді, ақшаны «қауіпсіз шоттарға» аударуды немесе мүлікті сатуды талап етпейтінін ескертіңіздер. Осындай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені бірден тоқтатып, полицияға хабарласу қажет.

Еске салсақ, "Туысыңызбын" деп 10 зейнеткерді сан соқтырған алаяқ сотталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Тағы оқи отырыңыз: 8,5 млн теңгеге сатқан: Ақтауда алаяқтар зейнеткерді жалғыз баспанасынан айырды 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Polisia AQTOBE (@polisia_aqtobe)

Наверх