Астана маңындағы ат клубында 33 жастағы әйел аттан құлап, көз жұмды

Марқұм бір айға жуық комада жатқан. Полиция қылмыстық істің қайта сараланатынын мәлімдеді.

 instagram.com/abidullaevna01 14 Тамыз 2026, 14:47
14 Тамыз 2026, 14:47
174
Фото: instagram.com/abidullaevna01

Астана маңындағы ат клубтарының бірінде болған оқиға қайғылы жағдаймен аяқталды. 33 жастағы Жазира аттан құлап, ауыр жарақат алғаннан кейін бір айға жуық уақыт комада жатып, 13 тамызда есін жимастан көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жақындары мен достарының айтуынша, Жазира атқа алғаш рет мініп жүрген адам болмаған, бұған дейін де атқа мініп, ер-тоқымда өзін жақсы ұстай білген.

Алайда 6 шілдеде болған оқиға кезінде аттан құлап, ауыр жарақат алған. Кейін ауруханаға жеткізіліп, ұзақ уақыт бойы ес-түссіз жатқан. Оның 13 тамызда қайтыс болғанын туыстары да растады. 

Оқиғаға қатысты өңірдің Полиция департаменті пікір білдірді.

Оқиғаға қатысты 6 шілдеде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оқиға Целиноград ауданының аумағында орналасқан ат клубтарының бірінде болған. 13 тамызда зардап шеккен әйел алған жарақаттарынан қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қайта сараланатын болады. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді Ақмола облыстық Полиция департаменті.

Наверх