+43°C-қа дейін ыстық: Бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Қазгидромет тұрғындарға ауа райының өзгерістерін ескеріп, аптап ыстық пен қатты жел кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады.

 depositphotos.com 15 Тамыз 2026, 02:40
15 Тамыз 2026, 02:40
141
Фото: depositphotos.com

Қазақстанның бірқатар өңірінде бүгін, 15 тамызда дауылды ескерту жарияланды. Елдің кей аймақтарында аптап ыстық сақталса, кей өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.

Алматы облысында күндіз ауа температурасы +35...+38°C-қа дейін көтеріліп, солтүстікте +40...+43°C-қа жетеді. Алматыда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі, желдің екпіні 15–20 м/с болады. Қонаевта +36...+38°C ыстық болжанған.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болуы мүмкін. Желдің екпіні кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы +35...+38°C, оңтүстікте +40...+41°C болады.

Солтүстік Қазақстанда жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты дауыл күтіледі. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Петропавлда да жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанған.

Қостанай және Ақмола облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Кей аудандарда желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.

Қызылорда облысында күндіз ауа температурасы +40°C-қа дейін көтеріліп, шаңды дауыл соғуы мүмкін. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында +38...+40°C ыстық болады. Таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай күтіледі, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Ұлытау облысында +35...+38°C, оңтүстігінде +40...+41°C ыстық болжанған. Жезқазғанда ауа температурасы +35...+37°C болады.

Қарағанды облысында +35...+38°C ыстық сақталады. Кей жерлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Сонымен қатар Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Жетісу облыстарында да жоғары өрт қаупі мен қолайсыз ауа райы болжанған.

Астанада күндіз ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріліп, өрт қаупі жоғары болады.

Қазгидромет тұрғындарға ауа райының өзгерістерін ескеріп, аптап ыстық пен қатты жел кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады.

Наверх