Ұшақ апаты. Елорда жастары қаза болғандарды еске алды

28 Желтоқсан 2019, 14:03
4002
Бөлісу:
Ұшақ апаты. Елорда жастары қаза болғандарды еске алды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Іс-шараны Qazaqstan Team республикалық жастар бірлестігі ұйымдастырды. 

47dd1bb8-a9bd-4be4-a552-e97aafb2ef37.jpg

Бұл іс-шара кеше Алматыда ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алу мақсатында өткізілді. Бір минут үнсіздік жарияланды. Келушілер гүл шоқтарын қойып, қаза болғандарды еске алып, көңіл білдірді. Іс-шараға 50-60 жуық қала тұрғыны қатысты. Әсіресе жастар көп болды. Арасында үлкен кісілер де бар, - деді QazaqstanTeam республикалық жастар ұйымының баспасөз хатшысы Қарашаш Есенбай.

460abf5d-6c70-4dc0-a4ac-239e26197a3a.jpg

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

53178481-ae2a-46b3-8ef1-3bb9d2160475.jpg

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды. Және ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы