Ұшақ апаты. Bek airдың қара жәшігі Мәскеуге жіберіледі

28 Желтоқсан 2019, 11:53
2262
Бөлісу:
Ұшақ апаты. Bek airдың қара жәшігі Мәскеуге жіберіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің вице-министрі Берік Қамалиев айтты. 

 

Кеше вице-премьер Роман Скляр Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасымен әңгімелесті. Бүгін кешке, яғни сағат 18:40-та Алматыға Мәскеуден арнайы сарапшы келеді. Қазір жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Ұшақтың борттағы сөзді өздігінен жазатын құралы алынды, енді ондағы шифрды анықтау үшін ол Мемлекетаралық авиациялық комитетке (Мәскеу) жібереміз, - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ұшақ апатына байланысты баспасөз конференциясы барысында.

 

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

 

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды. Және ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы