жасанды интеллект
-
Цифрландыру: Мемлекеттік қызметтердің үлесі 90 пайыздан асты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қарқынды түрде цифрландыру жалғасуда. Бүгінгі таңда электронды форматтағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үлесі 90,4 %-ды құрайды. Тізілімде 1 448 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бар, оның басым бөлігі онлайн форматта қолжетімді. Одан бөлек, көрсетілетін қызметтердің 90,6 %-ын смартфон арқылы алуға болады, бұл процесті азаматтар үшін барынша ыңғайлы ете түседі. Елімізде сондай-ақ цифрлық құжаттардың 39 түрі енгізілген, олар қағаз түрлерін толықтай алмастыра алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
27.10.2025
-
АҚШ пен Жапония ЖИ мен 6G желілерін дамытуда күш біріктіреді
АҚШ пен Жапония жасанды интеллект пен жаңа буынды 6G ұялы байланыс технологиялары саласында стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қоюға әзірленуде. Бұл туралы жапон басылымы Nikkei мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.10.2025
-
Қазақстандық университет ЖИ бойынша CAREC институтының грант иегері болды
Қазақстандық университет ЖИ бойынша CAREC институтының грант иегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.10.2025
-
Қазақстан қазақ тілінде сөйлейтін жасанды интеллект жүйесін әзірлеп жатыр
Қазақстанда қазақ тілінде сөйлей алатын дыбыстық тілдік жасанды интеллект моделін әзірлеу жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Жасанды интеллект жаппай қысқартуға себеп болмайды – депутат
Жасанды интеллект еңбек нарығының құрылымын өзгертетіні сөзсіз. Бірақ бұл жаппай жұмыстан босатуға немесе мамандықтардың жойылуына әкелмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Қарағанды облысында ЖИ және STEM-зертханасы бар мектеп ашылды
Республика күні қарсаңында Шет ауданының Сәкен Сейфуллин атындағы кентінің тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді – мұнда «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында жаңа заманауи мектеп өз есігін айқара ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
23.10.2025
-
Депутат: ЖИ жүйелерін міндетті сақтандырудан уақытша бас тарттық
Қазақстанда жасанды интеллект жүйелерін міндетті сақтандыру енгізілмейді. Бастапқы кезеңде бұл салада тек ерікті сақтандыру тетігі қолданылады, өйткені сақтандыру нарығы әлі мұндай жаңа өнімдерге дайын емес. Бұл туралы Сенат кулуарында Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева "Жасанды интеллект туралы" заң жобасының кейбір ережелеріне түсініктеме бере отырып мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Мемлекеттік қызметшілерге ChatGPT қолдануға рұқсат бар ма? – депутат жауабы
Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева мемлекеттік қызметшілердің ChatGPT және өзге де жасанды интеллект жүйелерін қолдануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Алдағы бес жылда 2,5 млн қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін
Алдағы бес жылда шамамен 2,5 миллион маманның жұмысы автоматтандыру салдарынан жұмыссыздар қатарын толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
7 мың заңсыз сайт жабылды: Қазақстанда құмар ойындарға бақылау күшейді
Қазақстанда ойын бизнесі саласында Бірыңғай есепке алу жүйесі іске қосылды. Алғашқы айдың өзінде ол құмар ойындарға қатысты 7 мыңнан астам заңсыз сайтты анықтап, бұғаттауға жіберді. BAQ.KZ редакциясының сауалына жауап берген Туризм және спорт министрлігі мен оператор компания өкілдері жүйенің қалай жұмыс істейтінін, қандай технологиялар қолданылатынын және болашақта қандай жаңалықтар енгізілетінін түсіндірді.
23.10.2025
-
Сенат жасанды интеллект туралы заңды Мәжіліске қайтарды
Сенаттың кеңейтілген отырысында депутаттар "Жасанды интеллект туралы" заңды Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Қазақстан ЖИ дамыту заңнамасы бойынша топ-15 елдің қатарына енді
Қазақстан жасанды интеллект технологияларын дамытуға арналған ұлттық заңнамасын бейімдеу бойынша әлемнің үздік 15 мемлекетінің қатарына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Қазақстанда дипфейк жасайтындар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Қазақстанда дипфейк жасайтындар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Қарағандыда ЖИ көмегімен есірткімен күрес басталды
Қарағанды облысында жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу үшін фронт-кеңсе жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.10.2025
-
Ақтөбеде алаяқтықтың алдын алуда жасанды интеллект қолданылды
Ақтөбе прокурорлары алғаш рет тәжірибе жүзінде алаяқтықтың алдын алуда жасанды интеллект технологияларын пайдаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.10.2025
-
“Жасанды интеллект тек пайда әкелмейді”: Мамандар цифрлық қауіптің артуы туралы ескерту жасады
Жасанды интеллектінің дамуы жаңа мүмкіндіктер ашқанымен қауіп-қатерлерді де күшейтеді. Кибералаяқтық пен деректердің таралуынан тек компаниялар ғана емес, қарапайым қолданушылар да зардап шегіп отыр. Бұл үшінші Qazaqstan IGF 2025: Интернетті басқару жөніндегі ұлттық форумда ақпараттық қауіпсіздік сарапшылары талқылады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
15.10.2025
-
Қазақстандық колледжде жасанды интеллект зертханасы ашылады
Қазақстандық колледждер мен Қытайдың Zhejiang College of Security Technology оқу орны маңызды стратегиялық кездесу өткізді. Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде жасанды интеллект (AI) зертханаларын ашу және жаңа "Жасанды интеллект" мамандығын енгізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.10.2025
-
IT-Aiel бағдарламасы Қазақстанға 3,5 млрд теңгеден астам пайда әкелді
IT-Aiel бағдарламасынан өткен 1300-ден астам қазақстандық әйел бүгінде IT саласында табысты жұмыс істеп, ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып отыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі ОСК алаңында жарияланған деректерге сілтеме жасап.
14.10.2025
-
Қазақстанда әйелдердің цифрлық экономикадағы үлесі артып келеді
Қазақстанда әйелдердің цифрлық экономика мен технологиялық мамандықтарға қатысу деңгейі тұрақты түрде өсіп келеді. Күн сайын көбірек қазақстандық әйелдер IT саласындағы дағдыларды меңгеріп, оқыту бағдарламаларына қатысып, технологиялық жобаларды іске асыруда, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
14.10.2025
-
AI-Sana бағдарламасы: 544 мың студент жасанды интеллект саласында білім алды
Жасанды интеллектті дамыту тек есептеу қуаттары мен технологиялық инфрақұрылымды ғана емес, студенттер мен оқытушылар арасында цифрлық сауаттылықты жаппай арттыруды да талап етеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында AI-Sana бағдарламасының жүзеге асырылу барысын таныстыру кезінде айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
14.10.2025