Миллениалдардың қолынан келетін, ал зумерлерді тығырыққа тірейтін қарапайым нәрселер – зерттеу
Миллениалдар мен зумерлерді бір-бірінен ажырататын қарапайым дағдылар белгілі болды.
Ересектер үшін үйреншікті болып қалған күнделікті тұрмыстық дағдылар біртіндеп тарих қойнауына еніп барады. Қазіргі жасөспірімдер мен жастардың жартысынан астамы уақытты кәдімгі тілшелі сағаттан қарап ажырата алмайды, ал әрбір екінші жас жанып кеткен шамды ауыстыру кезінде қиындықтарға тап болады.
«Газета» басылымы Sunlight зерттеуі дәл осындай қорытындыға келгенін жазады. Сарапшылар жастардың күнделікті дағдыларының қалай өзгеріп жатқанын және тұрмыстың цифрлануы неге әкеліп соқтыратынын зерттеген.
Миллениалдардың қолынан келетін, ал зумерлер ұмыта бастаған нәрселер қандай?
Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, ата-аналар жасөспірімдер мен жастардың бойынан, бір қарағанда, қарапайым көрінетін базалық нәрселерге қатысты қиындықтарды жиі байқайды. Үлкен буынның нұсқасы бойынша, «ұмытылған дағдылардың» тізімі мынадай:
-
86 пайыз – карта қосымшаларынсыз қала ішінде бағдарлай білу;
-
73 пайыз – көбейту кестесін білу және ойша есептей алу;
-
70 пайыз – қолма-қол ақшамен төлеген кезде қағаз ақшаны және қайтарымды (сдачаны) санау;
-
54 пайыз – уақытты тілшелі сағат бойынша анықтай алу;
-
49 пайыз – шамды (лампочканы) өз бетінше бұрап сала алу;
-
31 пайыз – көрпенің тысы мен төсек жаймасын бір-бірінен ажырата білу;
-
24 пайыз – "перстень" (көзді жүзік) дегеннің не екенін түсіну.
Үлкен буын не ойлайды, ал зумерлердің өздері не дейді?
Сауалнама осы мәселеге қатысты көзқарастардың арасында үлкен алшақтық бар екенін көрсетті. 87 пайыз ересектер буын арасындағы алшақтықтың уақыт өткен сайын айқындалып бара жатқанын айтады. Ал жастар бұған әлдеқайда сабырлы қарайды: зумерлердің тек 18 пайызы ғана қатарластарының бұрын «базалық білім» саналып келген нәрселерді білмейтініне таңғалады.
Қызығы, зумерлердің өздері өз қиындықтарын сәл басқаша бағалайды:
-
75 пайыз – қолма-қол ақшамен жұмыс істеуді және қайтарым ақшаны санауды қиын деп санайды;
-
68 пайыз – картасыз және навигаторсыз бағдарлауды;
-
49 пайыз – сағат циферблатын түсінуді;
-
45 пайыз – көбейту кестесін білуді;
-
Тек 17 пайыз ғана көрпе тыс пен төсек жаймасын (простыня) сенімді түрде ажырата алады.
Бұл ретте циферблаты бар классикалық сағаттар жастардың өмірінен мүлдем жоғалып кеткен жоқ. Бірақ олардың атқаратын рөлі өзгерді. Қазір бұл уақытты білу құралы емес, көбіне стильді толықтыратын аксессуар мен имидж элементі ғана. Ал дәлдік пен ыңғайлылық үшін олар бұрынғысынша смартфонға жүгінеді.
Зумерлер тұрмыстық дүниелерді қалай үйренеді?
Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, бүгінде тұрмыстық білім алу арналары келесідей бөлінген:
-
Интернет (62 пайыз) – нұсқаулықтардың, мәтіндік нұсқаулар мен видеосабақтардың басты көзі;
-
Нейрожелілер мен жасанды интеллект (46 пайыз) – жастардың жартысына жуығы жылдам жауап алу үшін осы құралдарға жүгінеді;
-
Ата-аналар (42 пайыз) – танымалдылық рейтингінде үшінші орынға сырғыған;
-
Жақын туыстар (31 пайыз) – ата-әжелер және әпке-ағалар;
-
Мектеп (18 пайыз) – өмірлік қауіпсіздік негіздері (ОБЖ), бейнелеу өнері және еңбек сабақтары әрбір бесінші жасөспірімге нақты өмірлік дағдыларды үйретеді.
Осы орайда сарапшылар цифрлық құралдардың тәжірибе алмасудың дәстүрлі тәсілдерін біртіндеп ығыстырып шығарып жатқанын атап өтті.
Білім алу процесі жылдам әрі ыңғайлы бола түсті, бірақ бұл ретте шынайы тәжірибемен және дағдыларды отбасылық желі бойынша үйрету үрдісімен байланысы азайып барады.
Еске салайық, бұған дейін зумерлер мен бумерлердің қайсы Қазақстанда ең көп жалақы алатыны хабарланды.