Ғалиева Дина Төлеубекқызы
Қазіргі лауазымы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары
- Туған жылы: 1963 жылғы 7 тамыз
- Туған жері: Жамбыл облысының Шолақтау ауылында дүниеге келген.
- Білімі: 1984 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын қаржы және кредит мамандығы бойынша бітірген.
Д.Т. Ғалиева еңбек қызметін 1984 жылы тамызда Алматы қалалық атқару комитеті Дәріхана басқармасының Ленин аудандық Орталық дәріханасы орталық аудандық бухгалтериясының аға экономисі болып бастаған.
1988 жылғы қарашадан бастап 1992 жылғы наурыз аралығында Алматы қалалық «Фармация» өндірістік бірлестігі жоспарлау-экономика бөлімінің бухгалтері, аға экономисі, бастығының міндетін атқарушы болып жұмыс істеген.
1995 жылғы шілдеге дейін «Фармация» мемлекеттік акционерлік холдинг компаниясының жоспарлау-қаржы бөлімінің экономикалық мәселелер жөніндегі бас маманы, бастығы, экономика бөлімі бастығының орынбасары, баға белгілеу және экономикалық болжау бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған.
1995 жылғы шілде – 2005 жылғы шілде аралығындағы кезеңде Д.Т. Ғалиева Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде түрлі қызметтерде жұмыс істеді, оның ішінде Бухгалтерлік есеп және бюджет департаменті бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы (1995 – 1997 жж.),
Бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасының бастығы (1997–2002 жж.),
Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры (2002–2005 жж.) болды.
2005 жылғы шілдеден бастап 2009 жылғы наурыз аралығында «Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды.
БЖЗҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (09.2014-02.2015)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (02.2015-04.2020)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы (06.2020-04.2021)
- Ғылым саласындағы аудиттен кейін жауапты тұлғалар қызметінен босатылған 13:22
- Ғылым азаматтардың өмірін жақсартуға нақты үлес қосуы керек – Дәдебай 13:15
- Қазақстан Қытай мен Жапонияны басып озды: Әлем бойынша интернет рейтингінде еліміз нешінші орында? 13:14
- Қазақстанда шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін өседі 13:12
- Алматы бір түнде әлемдегі ауасы ең таза қалалардың қатарына қосылды: Бұған не себеп? 13:03
- Ғылым саласында 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды: Смайылов мән-жайды түсіндірді 12:58
- Қазақстанда электр энергиясын жинақтау жүйелері енгізілмек: Бұл нені өзгертеді? 12:45