Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы
Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1947 жылы 15 мамыр
Туған жылы: Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.
Білімі: Свердловск қаласындағы (қазіргі Екатеринбург) Уральск политехникалық институтын,
Алматы Жоғары партия мектебін,
РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
1970-1972 жылдары – Кеңес Армиясы офицерлік құрамында қызметте.
1972-1976 жылдары – Алматы ауыр машина жасау зауытының инженер-конструкторы.
1976-1984 жылдары – жауапты партия-кеңес жұмысында.
1984-1990 жылдары – Қазақстан Министрлер кеңесі төрағасының және КП ОК бірінші хатшысының көмекшісі.
1990 жылдың мамыр айынан 1991 жылдың маусым айына дейін – Қазақ КСР Президенті аппаратының басшысы.
1991 жылдың маусым айынан 1994 жылдың маусымына дейін – Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының және Министрлер кабинетінің басшысы.
1994 жылдың маусымынан 1995 жылдың қазан айына дейін – Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының басшысы.
1995-1996 жылдары – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Швеция Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Ирландия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.
1996-1998 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші көмекшісі.
1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы.
2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.
2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.
2004-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы.
2007-2008 жылдары – Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.
2010 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды. ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі.
2018 жылдан - 2022 жылға дейін "Отандастар қоры" АҚ президенті.
Экономика ғылымдарының докторы, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Дипломатиялық рангі – Төтенше және Өкілетті Елші.
Әскери атағы – генерал-майор. ҚР ҰҚК құрметті қызметкері. ҚР Волейбол федерациясының президенті, ҚР Гольф ұлттық ассоциациясының президенті, Ұлттық жаратылыстану академиясының президенті.
Наградалары: "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев", "Парасат", "Орден Дружбы" (Ресей), "Орден Почета" (Ресей) ордендері және медальдары.
- Арзан азық-түлік, әділ тариф, қолжетімді баспана: «Ауыл» партиясы не ұсынады? 11:39
- Шала піскен еттен де жұғуы мүмкін: Дәрігер сібір жарасынан сақтану жолдарын атады 11:29
- Ұлан Байболов Кореядан Қазақстанға жеткізілді: 2,5 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған 11:23
- Каспийдің болашағы үшін: Қазақстан теңізді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді 11:15
- Анасын пышақтап, Вьетнамға қашып кеткен: Күдікті Қазақстанға жеткізілді 11:06
- 1 қыркүйектен бастап мектептерде жаңа пәндер пайда болады: Оқушылар не оқиды? 11:01
- Балқашта тағы да қайталанды: Жағажайға көлікпен кірген азамат жазаланды 10:53