Әзімова Эльвира Әбілхасымқызы
Қазіргі қызметі: Конституциялық Сотының Төрағасы
Туған жылы: 1973 жылы 15 ақпанда дүниеге келген
Білімі: Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Халықаралық заңгер» мамандығы бойынша бітірген (1996).
Еңбек жолы: Еңбек қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде бастаған, онда Халықаралық-құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекші маманы, бас консультанты болып жұмыс істеді (1996-1999). Одан әрі Заңнама, халықаралық құқық және хаттама департаменттерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды (1999-2005).
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер және халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, шарттар және талап-арыз жұмысы департаменттерін басқарды (2005-2010).
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры болып жұмыс істеді (2010-10.2013).
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары лауазымын атқарды (02.10.2013-09.2019).
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болды (02.09.2019-31.12.2022).
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның (18.09.2021) және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды (17.05.2022).
2023 жылғы 1 қаңтардан Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды.
«Құрмет» (2013), II дәрежелі «Достық» ордендерімен (16.12.2021), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2012), медальдермен, I дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақ құруға қосқан үлесі үшін» (08.05.2015), «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» (29.05.2019) Халықаралық марапаттармен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2007) марапатталған.
- Ғылым саласындағы аудиттен кейін жауапты тұлғалар қызметінен босатылған 13:22
- Ғылым азаматтардың өмірін жақсартуға нақты үлес қосуы керек – Дәдебай 13:15
- Қазақстан Қытай мен Жапонияны басып озды: Әлем бойынша интернет рейтингінде еліміз нешінші орында? 13:14
- Қазақстанда шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін өседі 13:12
- Алматы бір түнде әлемдегі ауасы ең таза қалалардың қатарына қосылды: Бұған не себеп? 13:03
- Ғылым саласында 51 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық анықталды: Смайылов мән-жайды түсіндірді 12:58
- Қазақстанда электр энергиясын жинақтау жүйелері енгізілмек: Бұл нені өзгертеді? 12:45