Аюбаев Мұхтар Ақатұлы
Қазіргі лауазымы:
Туған жылы: 1959 жылы 22 тамыз
Туған жері: Алматы облысы Енбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында туылған.
Білімі: 1976 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының түлегі.
1984 жылы мемлекеттік қауіпсіздік органдарында қызметке шақырылған.
Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Шымкент және Талдықорған облыстары бойынша басқармасында жедел лауазымдарда қызмет атқарған.
1995 жыл мен 1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде әртүрлі офицерлік басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2004 жылы ҚР Республикалық ұланы қолбасшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
2006 жылы Қызмет бастығының орынбасары- ҚР ПКҚ Бірінші департаментінің бастығы лауызымында қызмет атқарды.
2006 жылы ҚР ПКҚ Бастығы болып тағайындалды.
2013 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Республикалық ұланының қолбасшысы болып тағайындалды.
2014 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының орынбасары - Объектілерді қорғау қызметінің бастығы болып тағайындалды.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметіне тағайындалды
2020 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметінен босатылды
ҚР Президенті Күзет қызметінің құрметті қызметкері. Алматы облысының құрметті азаматы.
ІІ дәрежелі «Айбын» және «Даңқ» ордендерімен, ҚР Президентінің атынан алғыс хатпен және ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысынан алғыстармен, «Елбасы қорғаны» төсбелгісімен, 21 медальмен, Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің Құрмет грамоталарымен және алғыстармен марапатталған.
- Қазақстанда жаңа құрылым пайда болады: Қоғамдық палатаның орнына не келеді? 19:13
- Ақтөбеде CyberPol қызметкерлері заңсыз несие рәсімдеген интернет-алаяқты ұстады 18:51
- Тоқаев Мирзиёевке қоңырау шалды: Қандай мәселелер көтерілді? 18:33
- 147 млрд теңге бюджетке қайтты: Бас прокуратураның жартыжылдық есебі жарияланды 18:29
- Дрон байқайды, жасанды интеллект ескертеді: Судағы қауіптің алдын алу қалай жүріп жатыр? 18:08
- Францияда Эбола вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді 17:47
- «Әкем бала күнімде зорлады»: Желіде шу шығарған блогер қыздың үстінен іс қозғалды 17:28