Ахметов Тұрлыбек Тұрсынбекұлы
Қазіргі лауазымы: ІІМ Ақпараттандыру және байланыс департаментінің бастығы
Туған жылы: 1969 жылғы 1 қаңтар
Туған жері: Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1994 жылы байланыс-инженері мамандығы бойынша Ташкент электротехникалық институтын,
2001 заңгер мамандығы бойынша Қостанай заң институтын бітірген.
1988 жылғы маусымнан бастап 1989 жылғы қыркүйекке дейін КСРО Қарулы Күштерінің қатарында қызмет өткерген.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1994 жылғы қыркүйекте Қызылорда облысы ІІБ байланыс бөлімінің сымдық байланыс тобының инженерінен бастады.
1995 жылғы наурыздан бастап 2004 жылғы шілде аралығында Қызылорда облысының ІІБ жедел-техникалық қызметінде басшы лауазымын атқарды.
2004 жылғы маусымнан бастап 2007 жылғы қыркүйекке дейін - Қызылорда облысының ІІД Ақпараттық-техникалық қызмет басқармасының бастығы.
2007 жылғы қыркүйектен бастап 2012 жылғы ақпанға дейін Қызылорда облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінде басшы лауазымын атқарды.
2012 жылғы ақпаннан бастап 2012 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы ІІМ Техникалық қызмет департаментінің өңірлермен жұмыс басқармасы бастығының орынбасары.
2012 жылғы қыркүйектен 2018 жылғы желтоқсанға дейін - Қазақстан Республикасы ІІМ Техникалық қызмет департаменті бастығының орынбасары.
2018 жылғы желтоқсаннан бастап - Қазақстан Республикасы ІІМ Техникалық қызмет департаментінің бастығы лауазымын атқаруда.
Мемлекеттік наградалар: «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астана 20 жыл» медальдарымен және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Үйленген, үш баланы тәрбилеуде.
- Тоқаев бірден төрт маңызды заңға қол қойды: Қандай өзгерістер күтіп тұр? 19:42
- Абай облысында той кортежіне 19 хаттама толтырылып, бес жүргізуші жауапқа тартылды 19:32
- Қазақстанда жаңа құрылым пайда болады: Қоғамдық палатаның орнына не келеді? 19:13
- Ақтөбеде CyberPol қызметкерлері заңсыз несие рәсімдеген интернет-алаяқты ұстады 18:51
- Тоқаев Мирзиёевке қоңырау шалды: Қандай мәселелер көтерілді? 18:33
- 147 млрд теңге бюджетке қайтты: Бас прокуратураның жартыжылдық есебі жарияланды 18:29
- Дрон байқайды, жасанды интеллект ескертеді: Судағы қауіптің алдын алу қалай жүріп жатыр? 18:08