Жаңалықтар
-
Полиция коммуналдық қызмет атын жамылған алаяқтар туралы ескертті
Ішкі істер министрлігі азаматтарды коммуналдық қызмет атын жамылған алаяқтардан сақ болуға шақырды.
Соңғы уақытта алаяқтар өздерін жылу қызметінің мамандары ретінде таныстырып, тұрғындарға қоңырау шалуда. Олардың мақсаты – жеке мәліметтеріңізге немесе банк шотыңызға қол жеткізу, - дейді полицейле
28.07.2026
-
1 тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Тамызда қазақстандықтарды Құрылтай сайлауы, білім гранттарының нәтижесі, жаңа ипотека бағдарламасы және бірқатар маңызды өзгерістер күтіп тұр.
28.07.2026
-
ШҚО-да заңсыз алтын өндірген топ ұсталды: Қытай азаматтары да болған
Марқакөл ауданында рұқсатсыз алтын өндірген топтың қызметі тоқтатылды. Тергеу кезінде ондаған техника тәркіленіп, заңсыз жұмыстың ауқымы белгілі болды.
28.07.2026
-
Қапшағайда суға батып бара жатқан адамды құтқармақ болған ер адам көз жұмды
Қайғылы оқиға Қапшағай су қоймасында болған.
28.07.2026
-
Көкшетауда ер адам ішінде иесі ұйықтап жатқан көлікті айдап кеткен
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның іс-әрекеті "Ұрлау (айдап әкету) мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену" бабы бойынша сараланады.
28.07.2026
-
Алакөлде жағадан 11 шақырым қашықтықта қалған алты адам құтқарылды
Құтқару жұмыстарына жедел түрде ТЖД жедел-құтқару жасағының күштері жұмылдырылды. Жағадан шамамен 11 шақырым қашықтықта құтқарушылар алты адамды, оның ішінде төрт баланы тапты.
28.07.2026
-
Еуро банкноталарының жаңа дизайны таныстырылды
Еуропалық орталық банктің мәліметінше, Еуропа елдерінің тұрғындары өздеріне ұнаған дизайн нұсқасына 21 қыркүйекке дейін қоғамдық дауыс беру арқылы таңдау жасай алады.
28.07.2026
-
Бүгін еліміздің бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) жиынтығы.
28.07.2026
-
БҰҰ-дағы дау: АҚШ Францияның мәлімдемесіне жауап ретінде залдан шығып кетті
АҚШ делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында наразылық белгісі ретінде залдан шығып кетті.
28.07.2026
-
Қазақстандықтар рубльді сатып алғаннан гөрі сатуды жиілетті – Ұлттық банк
Қазақстандықтардың қолма-қол рубльге деген теріс таза сұранысы елдің 12 өңірінде тіркелді. Бұл өңірлерде айырбастау пункттері рубльді сатқаннан гөрі көбірек сатып алған.
28.07.2026
-
Маңғыстауда әйел Каспий теңізінің жағалауында суға батып кетті
Каспий жағалауында бір әйел көз жұмып, тағы төрт адам құтқарылды.
28.07.2026
-
Еуропада газ бағасы күрт төмендеді
Сауда барысында газ бағасы 695,2 АҚШ долларынан (–7,1%) 670 АҚШ долларына (–10,4%) дейін құлдырады.
28.07.2026
-
Қазақстанның екі балуаны U17 әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты.
28.07.2026
-
Орал қаласында садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды
31 шілдеге дейін жалғасатын додада спортшылар классикалық және компаунд садақ ату түрлері бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
28.07.2026
-
ФИФА әлем чемпионатының ең үздік голын атады
Кабо-Верде құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Испания, Уругвай және Сауд Арабиясымен бір топта ойнап, екінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты. Алайда 1/16 финалда Аргентинадан қосымша уақытта жеңіліс тапты.
28.07.2026
-
Иран Болгарияға қатаң ескерту жасады
Осы аптаның басында Болгария парламенті америкалық әскери ұшақтарды Безмер әскери әуе базасына орналастыруды мақұлдады. Бұл шешім жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызды. Олар аймақтағы шиеленістің күшеюіне байланысты аталған база ықтимал әскери нысанаға айналуы мүмкін деп қауіптенеді.
28.07.2026
-
Алматыда жыл соңына дейін көпқабатты тұрғын үйлердегі 105 лифт ауыстырылады
Қалалық басқарманың мәліметінше, бүгінде Алматыда шамамен 14,5 мың лифт жұмыс істейді. Оның 8,4 мыңнан астамы 2671 көпқабатты тұрғын үйге орнатылған.
27.07.2026
-
Түркістанда көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші қайта ұсталды
Оқиға Жаңа қала шағын ауданында болған.
27.07.2026
-
Магистратураға түсу тестінде 41 талапкердің нәтижесі жойылды
25 мыңнан астам адам магистратураға түсу емтиханын тапсырды.
27.07.2026
-
Елімізде биыл тәртіп бұзған 350 адам пойыздан түсірілді
Көліктегі ПД жолаушылар пойызы қоғамдық орын екенін және әрбір азамат белгіленген мінез-құлық қағидаларын сақтауға міндетті екенін еске салады.
27.07.2026