28 Қыркүйек 2026, 09:10 Фото: magnific.com

Алматылықтар жер сілкінісін сезді

Бүгін алматылықтар таңға қарай жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұған қатысты ҚР ТЖМ пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мәліметіне сәйкес, 28 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 06:32-де Қазақстан аумағында сейсмикалық оқиға тіркелді.

Алматы қаласы ТЖД-ның «112» және «101» нөмірлеріне жер сілкінісіне байланысты оқиғалар мен өтініштер туралы хабарламалар түспеген.

ТЖМ мәліметінше, Алматы қаласында жер сілкінісі сезілген жоқ.

Алайда алматылықтар әлеуметтік желіде жер сілкінісін сезгенін жазды. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жер сілкінісінен сақтандыру міндеттелуі мүмкін екенін хабарлаған едік. Бұл бастама Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген 2030 жылға дейінгі сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасының жобасында көзделген.