Азиадада тағы бір күміс: Алексей Чуркин әлем рекордын жаңартты
Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Алексей Чуркин жұлқа көтеруде әлем рекордын жаңартып, Азиада күмісін иеленді.
Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясында ауыр атлетикадан 85 келіде жүлде сарапқа салынды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Ерлер арасында 85 келі салмақта сынға түскен отандасымыз алғашқы жұлқа көтеру жаттығуында-ақ 173 келіні бағындырып, жаңа әлем рекордын орнатты. Серпе көтеруде отандасымыз 206 келіні көтеріп, қоссайыста 378 келімен екінші орынға тұрақтады.
Кванг Риол Ро (Солтүстік Корея) – 379 келі (165+214);
Алексей Чуркин – 378 келі (173+205);
Шуннан Чен (Қытай) – 374 келі (163+211) Айта кетейік, бұл ауыр атлетикадан ел қоржынына түскен екінші жүлде. Кешегі жарыс күнінде 77 келідегі Аянат Жұмағали күміс жүлдеге ие болған еді.
Еске салсақ, Жапонияның Аичи префектурасында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарындағы әртістік жүзуден жарыстар аяқталды. Қазақстан құрамасы аралас командалық бағдарламада қола жүлдеге ие болды.