Ұшақ күн суық болған соң жанып кетпеген – Тұрғымбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағы құлаған кезде жанармайының жартысы төгіліп қалған. 

Бұл туралы ІІМ Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Абырой болғанда, жанармай құйылатын бак зақымданса да, ұшақтың сол жақ қанаты өртенген жоқ. Жанармайдың жартысы ұшақтың астына төгілген. Ауа райына, қыс, қар және суық болғандықтан өрт тұтанбады. Сондықтан көп адам аман қалды, - деді Тұрғымбаев Үкімет отырысының кулуарында. 


Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылында апатқа ұшыраған. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керегі де хабарланды. Кейіннен, зардап шеккендер мен бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты. 

Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетті. 

Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. 

Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. 

Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. 

Бұдан бөлек, ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды

ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын. 

Қазір зардап шеккендерге көмек үшін арнайы шот ашылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы