Ұшақ апаты: Алматы әкімі ауруханада жатқан балаларға барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында болып, онда әуе апатынан зардап шегіп, ем алып жатқан тоғыз баланың жағдайын біліп қайтты.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қала әкімі балаларға ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан тез сауығып кетуін тілеп, мемлекет басшысының жаңа жылдық сыйлықтарын табыстады, - делінген ведомство хабарламасында.
Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының бас дәрігері Абай Құсайыновтың айтуынша, алты бала қарқынды терапия реанимация бөлімінде, үшеуі травматология бөлімшесінде жатыр. Науқастар орташа ауырлық жағдайда.
Екеуіне жоғары технологиялық заманауи емдеу әдістерін қолдану арқылы ота жасалды.
Бүгінгі күні отадан шыққандардың жағдайында оң динамика бар, ауырлығы орта дәрежеде.
Қазіргі уақытта қарқынды терапия бөлімшесіндегі барлық бала барлық қажетті медициналық көмек алатын бейінді бөлімдерге ауыстырылды.
Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылында апатқа ұшыраған. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.
Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керегі де хабарланды. Кейіннен, зардап шеккендер мен бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.
Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр.
Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды.
Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды.
Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды.
Бұдан бөлек, ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды.
ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын.
Қазір зардап шеккендерге көмек үшін арнайы шот ашылды.