Ұшақ апаты: Генерал Рүстем Қайдаровпен қоштасу рәсімі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы офицерлер үйінде 27 желтоқсанда қала түбіндегі ұшақ апатынан қаза болған әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровты ақтық сапарға шығарды.

Генералдар кеңесінің төрағасымен қоштасуға адам көп жиналды. Олардың арасында қоғам өкілдері, курсанттардан бастап генералдарға дейінгі әскерилер, Алматы әкімі, Парламент депутаттары және бірге жұмыс істеген ұжымдастары болды.

Іс-шараға ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов, бұрынғы қорғаныс министрі және ҰҚК экс-төрағасы Сат Тоқпақбаев, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Абай Тасболатов, Жоғарғы Соттың судьясы Сансызбек Райымбаев қатысты.

Барлық сөз сөйлеуші генерал Қайдаров құқық қорғау жүйесі үшін ғана емес, бүкіл ел үшін де адал еңбек еткенін атап өтті.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жақында Рүстем Есімханұлымен кездескенін айтты.

Менің "Аға, сіз қашан демаласыз?" деген сұрағыма "Қазір уақыт жоқ, жұмыс өте көп" деп жауап берді. Рүстем Есімханұлы өзінің соңғы күніне дейін жауынгерлік қызметте тұрған нағыз генерал болды, - деп еске алды Сағынтаев.

Рүстем Қайдаров Кеңсай-2 зиратында жерленеді.

Рүстем Қайдаров - әділет генерал-майоры. Қатардағы тергеушіден министрдің бірінші орынбасары қызметіне дейін жеткен.

Айта кетейік,  Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылында апатқа ұшыраған. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керегі де хабарланды. Кейіннен, зардап шеккендер мен бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты

Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. 

Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. 

Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. 

Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. 

Бұдан бөлек, ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды

ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын. 

Қазір зардап шеккендерге көмек үшін арнайы шот ашылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы