Ұшақ апаты. Сағынтаев зардап шеккендердің емделуін өзі бақылайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының көпсалалы клиникалық ауруханасының, балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының, жедел шұғыл жәрдем ауруханасының, №4 Қалалық клиникалық аурухананың, Орталық қалалық клиникалық аурухананың және жекеменшік "Приват клиникасының" дәрігерлерімен кездесті. 

Бұл медициналық мекемелерге Алматы түбіндегі әуе апатынан зардап шеккен адамдар жатқызылды.

Зардап шеккендерге барлық медициналық көмек көрсетілуде. Ауруханаларда дәрілік препараттардың қажетті қоры қамтамасыз етілген. Тұратын жеріне қарамастан, біз қаланың клиникаларына келіп түскендердің барлығына көмек көрсетеміз, — деп атап өтті қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ, қайғылы оқиғаның алғашқы минутынан бастап үздіксіз көмек көрсеткен барлық медициналық қызметкерлерге, дәрігерлер мен психологтарға алғыс айтты. 

Бүгінгі таңда стационарларда 49 пациент бар, оның ішінде тоғызы бала. Ересектер арасында Украинаның екі, Қырғызстанның бір азаматы бар. Кешегі күннен бастап 19 ота, оның ішінде екеуі балаларға жасалды. Зардап шеккендердің барлығы травматикалық шоктан шығарылып, қабылданған шаралардың арқасында жағдайы тұрақтанады. Туыстарымен тұрақты байланыс орнатылды. 

Дәрігерлер, медперсонал және психологтар тәулік бойы жұмыс істеуде. Емделушілерді емдеу үшін қалалық және республикалық ұйымдардың барлық бейінді мамандары жұмылдырылған. Нұр-Сұлтаннан травматолог, нейрохирург, торакальды хирург дәрігерлері келді. Сонымен қатар, бүгін Алматыға нейрохирургия ғылыми орталығының басқарма төрағасы Серік Ақшолақов пен травматология ҒЗИ директоры Нұрлан Батпенов келеді. 

Барлық стационарлардың дәрілік препараттары мен қан препараттарының жеткілікті қоры бар. 

Алматылықтар қайғыға ортақтасып, қан тапсырды. Кешегі күні қалалық қан орталығында 341 донор, Республикалық қан орталығында 149 донор қан тапсырды. Олардың атына қала әкімі Б. Сағынтаев алғыс білдірді. Қала әкімі Б. Сағынтаев қайғылы оқиғада зардап шеккендерге тез арада сауығып, әуе апатынан қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды. Және ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын. Қазіргі кезде зардап шеккендерге көмек үшін арнайы шот ашылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы