Ұшақ апаты. Оқиға хронологиясы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әуежайы Bek Air ұшағының апатқа ұшыраған сәтінің хронологиясын жариялады.
"Төтенше жағдайда барлық қызметтер бірігіп жұмыс істеуі маңызды. Алматы әуежайында да осындай әрекеттер алгоритмі қалыптасқан" - делінген хабарламада.
05.35 – жолаушыларды тіркеу басталды;
06.35 – тіркеу аяқталды;
07.03 – жолаушылар ұшаққа отырды;
07.21 – ұшты;
07.22 – ұшақ радардан жоғалып кетті;
07.24 – ұшулар жетекшісі әуежайдың апаттық құтқару жеке құрамына дабыл қақты (оған іздестіру және құтқару қызметі, медқызмет, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, арнайы көлік қызметі кіреді);
07.27 – апаттық құтқару қызметі 6 "К" бөлігіне жұмылдырылды;
07.35 – ұшулар жетекшісі 20 А шаршысында апат болғанын хабарлады;
07.36 – оқиға орнына өрттен құтқару жасағы келіп, 18 Б шаршысында қираған ұшақ туралы хабар берді. Жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіре бастады;
07.39 – жасақ басшысы медициналық көмек туралы сұратты;
07.42 – оқиға орнына әуежайдың жедел құтқару командасының тұтас құрамы жетті;
08.10 – оқиға орнынан барлық жолаушылар түгел қауіпсіз жерге көшірілді.
Алғашқы минуттарда апаттан құтқаруға 22 техника, 83 адам жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.
Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды. Және ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын. Қазіргі кезде зардап шеккендерге көмек үшін арнайы шот ашылды.