Алматылықтар «Q-net» қаржы пирамидасына 75 млн теңге салып жіберген

16 Тамыз 2023, 09:50
471
Бөлісу:
Алматылықтар «Q-net»  қаржы пирамидасына 75 млн теңге салып жіберген
Фото: Нұркен Алишев - архив

Алматылықтар «Q-net» қаржы пирамидасына 75 млн теңге салған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Q-net» қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті аяқтады.

Тергеу барысында іс бойынша 5 айыпталушы 2018 жылдың қарашасынан 2022 жылға дейін «Q-net» қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалдарын басқарғаны анықталды. Оның қызметіне 45 салымшы тартылып, 75 млн теңге материалдық шығын келтірген. Қазіргі таңда 5 тұлғаға қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды. Тергеу барысында 27,7 млн теңге сомасына мүлік қамауға алынды, - делінген ҚМА таратқан хабарламада.

Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз.

Өзгелердің жаңалығы