Алматыдағы жол апаты: Жәбірленуші тарап күдіктіден 100 млн теңге талап етті

Бүгін Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. 

Бүгiн 2026, 10:55
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина Бүгiн 2026, 10:55
Бүгiн 2026, 10:55
123
Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Процесс барысында 19 маусымда жәбірленуші деп танылған марқұм Томиристің әкесі күдікті Александр Пактан 100 миллион теңге талап етті. 

Прокурор Әлібек Күмісбеков өтінішті қанағаттандыруды сұрады. Алайда күдіктінің адвокаты өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрады.

Еске салайық, бұған дейінгі сот процесінде тағы бір жәбірленуші пайда болды. Ол жол апатында қаза тапқан Томиристің әкесі. Судья оны жәбірленуші деп тану туралы өтінішін қанағаттандырған болатын. 

Ол күдікті Пакқа кешірім бермейтінін мәлімдеген еді

Айта кетейік, қайғылы оқиға биыл 21 наурызға қараған түні болды. Тергеу мәліметіне сәйкес, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Zeekr жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Кейін оның жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталып, тергеу изоляторына қамалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх