Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған ерлі-зайыптылар ұсталды

14 Наурыз 2021, 04:22
1690
Бөлісу:
Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған ерлі-зайыптылар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық ерлі-зайыпты адамдар қаржылық пирамида ұйымдастырған.

Қалалық ПД-ның мәліметінше, олар ақша тарту үшін WhatsAp желісінде 218 адамнан тұратын топ құрған.

Ақша 46 жастағы азаматтың картасына жіберіліп отырған. Тез байығысы келетін адамдар әлеуметтік желілерден табыла кеткен.

Түсетін пайда өте қомақты болуы керек еді. Капиталды ұлғайту схемасы алдын ала жасалып, сынақтан өткен. Бастапқы инвестиция 100 000 теңгеден кем емес, ал бірнеше күн ішінде бұл соманы салымшы 300 000 теңге көлемінде қайтарып алады делінген. Егер ақшаны алмай тұра тұрса, онда пайда көлемі одан сайын ұлғая түсетініне сендірген. Бірақ қаражат аударылғаннан кейін ұйымдастырушылар байланысты үзіп, үстемақы да, өз ақшасы да қайтарылмаған, – деп хабарлады полициядағылар.
Өзгелердің жаңалығы