Алматыда әйелдерге арналған дағдарыс орталығы ашылды

Бүгiн, 12:16
56
Бөлісу:
Алматыда әйелдерге арналған дағдарыс орталығы ашылды
Фото: «Асар» дағдарыс орталығынан

Алматыда қиын өмірлік жағдайға тап болған балалы әйелдерге арналған «Асар» дағдарыс орталығы ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласында қиын өмірлік жағдайға тап болған балалы әйелдерге арналған жаңартылған «Асар» дағдарыс орталығының ресми тұсаукесері өтті.

Бұл жоба ажырасудың алдында тұрған отбасыларға жағдай жасаудағы маңызды қадам болды.

«Асар» орталығы 2017 жылы Алматы қаласының SOS балалар ауылының базасында құрылды және содан бері қолдау мен қорғауды қажет ететін балалы әйелдерге көмек көрсетіп келеді.

Алматыда әйелдерге арналған дағдарыс орталығы ашылды

Орталыққа 2024 жылы «Halyk» қорының демеушілігімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрмыстық жағдай жақсарды. Орталық бір уақытта алты отбасын қабылдай алады, олар үшін жеке бөлмелер мен ортақ аумақтар қарастырылған. Негізгі мақсаттары: алты айға дейін уақытша баспана беру, медициналық, заңдық, психологиялық қолдау, жұмысқа орналасуға және қайта оқуға көмек көрсету, балаларға қамқорлық жасау дағдыларын нығайту.

«Асар» орталығының ерекшелігі - әйелдермен жұмыс барысында әр жағдайға жеке қарауға мүмкіндік беретін озық халықаралық әдістемелерді қолдануында. Осы әдістеме арқылы орталықтағы әрбір әйелге дағдарыстан шығудың кезең-кезеңдік жеке жоспар жасалып, оны жүзеге асыратын маман бекітіледі.

Басты жетістік – ата-аналардың өзіне деген сенімділігін арттыру және қиындықтарды өз бетінше жеңу қабілеттерін дамыту. Бағдарлама аясында біз отбасылармен байланыста боламыз және олардың әл-ауқатын бақылауды жалғастырамыз, - дейді SOS Балалар ауылы Қазақстан Корпоративтік қорының ұлттық директоры Гүлжан Асанова.

Алматыда әйелдерге арналған дағдарыс орталығы ашылды

Орталық ашылған күнінен бастап 150-ден астам бала анасынан ажырамай, 80-нен астам әйел уақытша баспана және қолдау алды. Олардың 90%-дан астамы өз беттерінше өмір сүріп, мамандық алып, жұмыс тауып, тұрақты баспанаға қол жеткізді.

Ертең қайда қонатынымызды білмей жүрген қиын сәттерде, орталық туралы ақпарат бізге нағыз құтқарушымыздай көрінді». Орталықтың қолдауының арқасында Айнұр жаңа мамандық игеріп, кәсіби деңгейін жаңа сатыға көтерген. «Орталық қызметкерлеріне және «Halyk» қайырымдылық қорына алғысым шексіз, - дейді үш баланың анасы, «Асар» орталығының бұрынғы тұрғыны Айнұр (аты өзгертілген).

Қазақстанда 1994 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан SOS балалар ауылдары ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға отбасылық жағдай жасайды, сонымен қатар жетімдіктің алдын алу бойынша жобаларды белсенді түрде жүзеге асырады. SOS отбасын қолдау орталықтарының негізінде жүздеген балалар ата-аналарынан айырылмауға тырысады, ал асырап алуға үміткерлер оқудан өтеді, бұл қордың жобаларын қоғам үшін ерекше маңызды етеді.

Өзгелердің жаңалығы