Бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді

13 Қараша 2024, 08:10
1157
Бөлісу:
Бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді
Фото: BAQ.KZ- архив

Синоптиктер еліміздің аумағындағы қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Атмосфералық ағындардың өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрқасындатып, қар жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар, елдің оңтүстік-батысында жаңбыр жаууы ықтимал, - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, республиканың шығысында қатты қар жаууы болжанады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің оңтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы