«Қаңтар» оқиғасы. Полиция қызметкері сотталды

13 Қараша 2024, 11:21
729
Бөлісу:
«Қаңтар» оқиғасы. Полиция қызметкері сотталды
Фото: скрин

«Қаңтар» оқиғасы бойынша жеткізілгенді азаптаған полиция қызметкері сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, кінәні мойындау туралы процестік келісімінің негізінде «қаңтар» оқиғалары кезінде жеткізілген адамға азаптауды қолданғаны үшін (ҚК-нің 146-бабы) айыптау үкімін шығарды.

Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеп-тексерді.

Прокурорлар 2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының Полиция басқармасында кінәлі полиция қызметкерінің жеткізілген азаматқа қатысты азаптауларды қолданғанын дәлелдеді, - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерінің құқыққа қарсы әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушіге тән азабы келтірілген.

Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыға арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы