Қазақстанда TikTok қандай жағдайда жабылады

13 Қараша 2024, 12:06
894
Бөлісу:
Қазақстанда TikTok қандай жағдайда жабылады
Фото: BAQ.KZ pixabay.com

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева TikTok-ты жабуға қатысты мәселені түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

TikTok, Фейсбук, Инстаграм болсын, ұлттық қауіпсіздігімізге қандай да бір нұқсан келтіруге жол бермейміз. Балаларымыз – біздің келешегіміз. Әлеуметтік желілерде, оның ішінде TikTok-тағы заңсыз контенттің барлығы дер кезінде анықталып, алынып тасталып отыр. Бұл жағынан бізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп отырған әлеуметтік желілердің әкімшілеріне рақметімді айтқым келеді. Жұмыс едәуір жақсарып, жанданып келе жатыр, - деді ведомство басшысы.

Министр айтқандай, әлеуметтік желілерде, оның ішінде TikTok-тағы заңсыз контенттің барлығы дер кезінде анықталып, алынып тасталып отыр.

Өздеріңізге айтқан ұсынымдарымды білесіздер. TikTok, Фейсбук, Инстаграм болсын, ұлттық қауіпсіздігімізге қандай да бір нұқсан келтіруге жол бермейміз. Балаларымыз – біздің келешегіміз. Әлеуметтік желілерде, оның ішінде TikTok-тағы заңсыз контенттің барлығы дер кезінде анықталып, алынып тасталып отыр. Бұл жағынан бізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп отырған әлеуметтік желілердің әкімшілеріне рақметімді айтқым келеді. Жұмыс едәуір жақсарып, жанданып келе жатыр, - деді ведомство басшысы.

Балаева әлеуметтік желі ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтірген жағдайда, ол жабылатынын айтты.

Бірақ қазіргі таңда ондай сұрақ туындап отырған жоқ. Біз олармен нәтижелі бірге жұмыс істеп жатырмыз, - деп атап өтті Аида Балаева.

 

Өзгелердің жаңалығы