Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда алапат өртті сөндіруге асыққан көлік жолда аударылып қалды

12 Маусым 2025, 13:48
1039
Бөлісу:
 видеодан алынған кадр
VIDEO
Фото: видеодан алынған кадр

Алматыда өрт сөндіруге бара жатқан өрт машинасы жол апатына ұшырап, аударылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қалалық ТЖД хабарламасына сүйенсек, 12 маусымға қараған түні түнгі шамамен сағат 00:00-де Түрксіб ауданында ІІІ дәрежелі өртке шұғыл аттанған өрт сөндіру көлігі жол-көлік оқиғасына ұшырады. Машина Сейфуллин көшесінің бойында, Жансүгіров көшесіне жақындаған кезде көпірге кіріп бара жатып оң жақ бүйірімен аударылды: жүргізуші бұрылысқа дұрыс кірмей, асфальттың жиегіне соғылды, жол белгісін сындырып, артынша аударылды.

Өрт сөндіру көлігінің жол апатына түсіп, аударылып қалған сәтінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Жол апатынан ешкім зардап шекпеді. Техника тез арада көтерілді және тексерістен кейін оның техникалық жағдайы "қалыпты" деп анықталды, - делінген Алматы қаласының ТЖД хабарламасында.

Қалалық ТЖД өкілдері техникаға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлады. Сондай-ақ, апаттың мән-жайын тергеп жатқан полицейлер мен ІІД, ТЖД өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, өрт сөндіру көлігі Түрксіб ауданындағы көшеде екі үймен қоса шаруашылық құрылғыны қамтыған 500 ш.м. аумақты шарпыған үлкен жалынды сөндіруге шұғыл бара жатқан болатын. Аталған өртті сөндіру жұмыстарына 15 техника және 50-ден астам құтқарушы тартылды. Өрт 00:55-те оқшауланып, толық жойылғаннан кейін үйден бір адамның мәйіті табылды.

Өзгелердің жаңалығы