Алматы қаласының Түрксіб ауданында екі тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға 11 маусым күні кешке қарай тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт барак типіндегі үй мен жартылай пәтерлі жеке тұрғын үйді қамтыған. Өрт кезінде газ баллоны жарылып, оқиға орнынан бір адамның мәйіті табылды.
Қызыл жалынның көрші құрылыстарға таралу қаупі туындаған. Осыған байланысты жедел штаб құрылып, бірнеше бағытта өртті сөндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілер қызу жұмыс жүргізіп, өртті оқшаулады. Қабылданған шаралармен өрттің таралу қаупі жойылды.
Өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр.
Кейінірек ТЖД таратқан мәліметке сәйкес, өрт бірнеше барак типті иелеріне арналған тұрғын үйді, сондай-ақ төрт отбасы тұратын көрші үйді және шаруашылық ғимараты бар моншаны қамтыған. Жалынның жалпы аумағы шамамен 500 шаршы метрді құрады.
Сонымен қатар, Алматы қалалық ТЖД осы өртті сөндіруге асығып бара жатқан өрт сөндіру көлігінің бірі аударылып қалғанын да мәлімдеді. Дегенмен, техник дереу қалпына келтіріліп, өрт сөндірушілер штаттық режимде жұмысын жалғастырды.