Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында агроөнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі екі есе ұлғайып, 7 миллиард долларға жуықтағанын айтты.
«Жалпы, соңғы жеті жылда ауыл шаруашылығы саласында жемісті нәтижелерге қол жеткіздік. Азық-түлік өндірісі 28 пайызға өсті. Жалпы құны 2,7 триллион теңге болатын 1 630 инвестициялық жоба іске қосылды. Агроөнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі екі есе ұлғайып, 7 миллиард долларға жуықтады. Соның ішінде өңделген өнім үлесі 52 пайызға жетті. Былтыр елімізде соңғы жиырма жылдың ішінде алғаш рет ауыл шаруашылығына қатысты ұлттық санақ жүргізілді. Санақ кезінде цифрлық технологиялар қолданылды. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы жан-жақты әрі нақты мәлімет алынды. Осы саланың шынайы ахуалын көрсететін толыққанды деректер жиналды. Жалпы, еліміздің ауыл шаруашылығындағы әлеуеті зор.Б сты міндет – қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып, уақытты созбай, белсенді түрде жұмысқа кірісу керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Ауыл шаруашылығын дамыту – ел экономикасының стратегиялық бағыты екенін айтты.
Сондай-ақ, күзгі жиын-терінде еліміз бойынша 24,5 миллион тонна дақыл жиналғанына тоқталды.
Тағы оқи отырыңыз:
Құт қонған қазақ даласы енді ауқымды құрылыс аумағына айналады – Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы: Біртұтас қоғамымыздың мүддесі үшін Әділетті Қазақстанның әр кірпішін бірге қалаймыз
Президент: «Халықтық құрылыс» – келешек ұрпақтың қамы үшін қолға алған жалпыұлттық міндет