Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында біртұтас қоғамымыздың мүддесі үшін Әділетті Қазақстанның әр кірпіші бірге қаланатынын айтты.
«Осылайша, мемлекетіміздің тұрпаты мен келбеті, экономикамыздың құрылымы айтарлықтай өзгеретініне күмән жоқ. Бір мезетте бүкіл саланы және барлық аймақты қамтитын дәл осындай өте ауқымды құрылыстың ел тарихында бұрын-соңды болмағанын сіздер жақсы білесіздер. «Халықтық құрылыс» халқымыздың қолдауына ие болатын, ұлт дамуына кең жол ашатын жоба болмақ. Жалпыұлттық жобаға өндіріс орындары да, отандық кәсіпкерлер де белсене атсалысады. Жаңа жұмыс орындары пайда болады, азаматтардың табысы артып, тұрмыс сапасы жақсарады. Түптеп келгенде, «Халықтық құрылыстың» игілігі мен жақсылығын Қазақстанның әрбір азаматы, әсіресе, өскелең ұрпақ өкілдері көреді. Сондықтан біз «Құрылыс және тағы да құрылыс» сөзін отаншылдық ұраны етіп, біртұтас қоғамымыздың мүддесі үшін Әділетті Қазақстанның әр кірпішін бірге қалаймыз. Мен бұған кәміл сенемін», - деді Президент.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Ауыл шаруашылығын дамыту – ел экономикасының стратегиялық бағыты екенін айтты.
Сондай-ақ, күзгі жиын-терінде еліміз бойынша 24,5 миллион тонна дақыл жиналғанына тоқталды.
Тағы оқи отырыңыз:
Құт қонған қазақ даласы енді ауқымды құрылыс аумағына айналады – Қасым-Жомарт Тоқаев.