Күзгі жиын-терінде еліміз бойынша 24,5 миллион тонна дақыл жиналды

20 Қараша 2026, 14:40
АВТОР
 Ақорда 20 Қараша 2026, 14:40
20 Қараша 2026, 14:40
141
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Баршаңызға мәлім, бүгінде ауыл шаруашылығы мамандары ауыл әлеуетінің артуына, тұтас мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне мол үлес қосуда. Сіздер ата кәсіпті абыроймен атқарып, ұлтымыздың игілігін еселеп жүрсіздер. Ауа райы қолайсыз болғанына қарамастан, биыл да ел қамбасы астыққа толды. Күзгі жиын-терінде еліміз бойынша 24,5 миллион тонна дақыл жиналды. Егіннің бітік болуы – молшылық пен тоқшылықтың кепілі. Бұл – еліміздегі әр шаңырақ ырысқа кенеліп, дастарханымыз берекелі болады деген сөз.Мен  бүгін диқандар қауымына және осы салада еңбек етіп жүрген барша азаматқа алғыс айтамын», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Ауыл шаруашылығын дамыту – ел экономикасының стратегиялық бағыты екенін айтты.

Наверх