Абай облысындағы өрт: 10 секундта 5 тонна су жинап, өрт сөндірген ұшқыштар

26 Мамыр 2023, 11:50
989
Бөлісу:
Абай облысындағы өрт: 10 секундта 5 тонна су жинап, өрт сөндірген ұшқыштар
Фото: Қазавиақұтқару баспасөз қызметі

Абай облысындағы өртті сөндіруге "Қазавиақұтқарудың" аса тәжірибелі құрамы жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орман өртін сөндірудің қиындауы кезінде арнайы техникаға қол жеткізу қиын жерлерде ілініп жалғанатын су ағызу құрылғысы бар тікұшақтар жұмылдырылады.

Өртті сөндіру кезінде су ағызу құрылғысын пайдалану ұшқыштардың шеберлігін талап етеді. Өйткені желдің жылдамдығын қоса алғандағы бірқатар қауіпті факторларды есепке алған жөн, сондай-ақ сөндіру кезінде нақтылық қажет.

Абай облысындағы өртті сөндіруге "Қазавиақұтқарудың" аса тәжірибелі ұшу және инженерлік-авиациялық құрамы жұмылдырылды.

Әуе кемелерінің командирлері Мұрат Мұсабеков, Арманбек Әлімжаров, Анатолий Козловский, Леонид Калеканов, Евгений Гончаров, Қалдыбек Асанов, Ержан Базаров, Мұхамед-Шәріп Ермеков, аға ұшқыш-нұсқаушы Ербол Абаев, сондай-ақ борт-механиктер Сәбит Қожамжаров, Азамат Сұлтанбаев, Алтынбек Бекжанов, Игорь Пак, Ауалбек Қазақпаев, бортмеханик-нұсқаушы Дидар Кабикенов, және борт операторлары Берекет Тәжікбаев, Молотжан Дуганов, Манас Тынышбаев авиатехниканы пайдалана отырып, қауіпсіз ұшуды ғана емес, өртті сөндіру бойынша күрделі мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге тікелей жауапты болды..

Су ағызу құрылғылары 10-15 секунд ішінде 5 тоннаға дейін су жинап, оны 6 секунд ішінде ағызу мүмкіндігіне ие. Бұл орман алқаптары өртенген кезде үлкен аумақтарда өте тиімді.

Өртті сөндіру кезінде тікұшақтың ұшуының негізгі кезеңдері: әуеге көтерілу; резервуарды толтыру үшін ең жақын су айдынына ұшып бару; өрт орнына жету; өрт ошағына су ағызу.

Орман өрттерін сөндіру кезінде тікұшақтарды пайдаланудың артықшылықтары: олардың өрт ошағына су жеткізудегі жеделдігі (макс. жылдамдығы 250 км/сағ дейін), көп мөлшерде су ағызу, жоғары өтімділік, жоғарыдан шолу және маневр жасау мүмкіндігі.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес Абай облысында 22 мамырда басталған орман өрті 3500 гектар аумаққа жайылды.

Өзгелердің жаңалығы