Абай облысында өрт 3500 га аумаққа жайылды

26 Мамыр 2023, 00:29
1051
Бөлісу:
Абай облысында өрт 3500 га аумаққа жайылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысындағы өрт 3500 гектар аумаққа жайылды, деп хабарлайды BAQ.KZ төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Өртті сөндіруге 10 тікұшақ жұмылдырылды.

Орман өртін сөндіруге төтенше жағдайлар министрлігінен - 5, қорғаныс министрлігінен - 3, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен - 2, барлығы 10 тікұшақ жұмылдырылды. Бүгінгі таңда 52 рет 130 тонна су ағызылды. Жалпы барлығы 298 рет 745 тонна су себілді, - дейді ведомстводағылар.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 800 астам адамы, 200 астам техника, 1 ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Тілсіз жау 3500 га аумаққа жайылды.

Еске сала кетейік, 22 мамырда Абай облысының орманында өрт шықты. Салдарынан аймақта төтенше жағдай жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы