9-қабаттан құлаған бойжеткен: Алматылық дәрігерлер 17 жастағы қызды аман алып қалды

Екінші рет өмірге келді: 9-қабаттан құлаған алматылық қыз ауруханадан шықты.

Бүгiн 2026, 19:38
АВТОР
 Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасы Бүгiн 2026, 19:38
Бүгiн 2026, 19:38
221
Фото: Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасы

Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тоғызыншы қабаттан құлап, медициналық мекемеге түскен 17 жасар қызды аман алып қалды. Пациенттің жағдайы өте ауыр болған, ал оны емдеу процесі екі айға жуық уақытты қамтыды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Медицина мамандарының мәліметінше, ауруханаға түскен кезде бойжеткен екінші дәрежелі комада болған. Оған травматикалық және геморрагиялық шок, аяқ-қолдарының, омыртқасы мен жамбас сүйектерінің көптеген сынықтары, сондай-ақ кеуде қуысының ауыр жарақаты деген диагноз қойылды.

Өмірге ең үлкен қауіп төндірген - көк еттің жыртылуы болды. Алған жарақаттардың салдарынан асқазан, көкбауыр және ішектің бір бөлігі кеуде қуысына ығысып кеткендіктен, шұғыл хирургиялық рта жасалған.

Пациент өте ауыр жағдайда түсті. Іш қуысы мүшелерінің кеуде қуысына ығысуына әкеп соққан диафрагманың жыртылуы өмірге тікелей қауіп төндірді. Жарақаттарды жою және оның жағдайын тұрақтандыру үшін бізге шұғыл әрі кідіріссіз әрекет етуге тура келді, – деп хабарлады Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасынан.

Дәрігерлер шұғыл түрде күрделі ота жасап, ішкі мүшелердің зақымдануын қалпына келтірді және пациенттің жағдайын тұрақтандырды.

Отадан кейін бойжеткен мамандардың тәулік бойғы бақылауымен жансақтау бөлімінде 12 күн өткізді. Емдеудің келесі кезеңінде оған зақымдалған сүйектер мен буындарды қалпына келтіруге бағытталған тағы төрт ота жасалды.

Жалпы емдеу курсы 58 күнге созылды. Ауруханадағылар пациентті аман алып қалу реаниматологтардың, хирургтардың, травматологтардың және орта медициналық қызметкерлердің бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта қыз бала стационардан шығарылды. Енді ол алдағы уақытта оңалту және қалпына келтіру курсынан өтуі керек.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жыл басынан бері 7 бала терезеден құлағаны хабарланды

Наверх