Алматыда жыл басынан бері жеті бала терезеден құлап кеткен. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев мәлімдеді.
Оның сөзінше, барлық жасөспірім дене жарақатын алған.
Ата-аналарына 127-бапқа сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды, - дейді Ноғайбаев Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте.
Сонымен қатар, басқарма басшысы көшеде кешкі уақытта ата-анасысыз жүретін жастар туралы мәлімет берді.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз еріп жүруі деректері бойынша жыл басынан 6600 ата-ана және заңды өкіл жауапқа тарттық. Түнгі уақытта балалары сыртта жүрген 179 ойын-сауық орталығы анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 132-бабына сәйкес жауапқа тартылды, - дейді Тимур Ноғайбаев.