Кумамотодағы жер сілкінісі: Тоқаев Жапония халқына көңіл айтты

 Ақорда 31 Шілде 2026, 17:06
31 Шілде 2026, 17:06
237
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге, жақындарынан айырылған отбасыларға және Жапония халқына көңіл айтты, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келуіне, жарақат алған адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Еске салайық, бұған дейін  Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кумамото префектурасында 7,1 балдық күшті жер сілкінісінен кемінде 50 адам жарақат алып, табиғи апат салдарынан кемінде 13 адам қаза тапқаны хабарланды.

Наверх