Украина дрондары Ресейдің Пенза облысы мен Удмуртиядағы Wildberries компаниясының қоймаларына шабуыл жасады.
DW агенттігінің хабарлауынша, Пенза облысындағы қоймаға жасалған дрон шабуылы салдарынан бір адам жарақат алды. Тағы 200 қызметкер эвакуацияланды. Белгілі болғандай, қойма аумағында өрт шыққан. Бұдан басқа Удмуртиядағы Сарапул қаласында орналасқан Wildberries логистикалық орталығы да шабуылға ұшырады. Компания мәліметінше, бұл нысанда да қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілген. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер жоқ.
Компания логистикалық тізбек қайта ұйымдастырылғанын хабарлады. Қазір басқа орталықтар арқылы тауарлар қабылданып, тапсырыстар жөнелтіліп жатыр.
Шілденің екінші жартысынан бері украиналық ұшқышсыз ұшу аппараттары Ресейдің Wildberries маркетплейсінің қоймаларына бірнеше рет шабуыл жасады. Украина президенті Владимир Зеленский мұны Ресейдің Украинадағы азаматтық инфрақұрылымға жасаған шабуылдарына қарымта жауап деп атады. Оның сөзінше, Тамбов облысы мен Мәскеу облысындағы Wildberries логистикалық орталықтары дрондар мен навигациялық жабдықтар өндірісіне қажетті бөлшектерді жеткізу үшін пайдаланылған.
Еске салайық, бұған дейін 22 шілдеге қараған түні Ресейдің Краснодар және Невинномысск қалаларындағы Wildberries компаниясының логистикалық кешендеріне ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасалды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар
Тағы оқи отырыңыз:
Wildberries қоймасына жасалған шабуыл: Қазақстандықтардың тапсырыстары кешіге ме?
Wildberries қоймаларын Қазақстанға ауыстыра ма? Сауда министрлігі мәлімдеме жасады