"7-20-25": 10 мың отбасы ипотека алды

25 Қараша 2019, 18:14
5038
Бөлісу:
"7-20-25": 10 мың отбасы ипотека алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев "7-20-25" бағдарламасы бойынша 10 823 отбасы ипотекалық несие алған. Бұл туралы ол Парламент Сенатының отырысында мәлімдеді. 

"7-20-25" бағдарламасымен 10 823 отбасы 124 млрд 300 млн теңгеге қарыз алды. Бағдарламаны 2018 жылы шілдеде іске асыра бастағаннан бері ипотекалық қарыздардың көлемі қазан соңында 1 трлн 700 млн теңгеге дейін, яғни 47,9 процентке өсті. Бағдарлама қолдау алған кезеңде банк секторындағы ипотекалық портфель үлесі 8,9 проценттен 12,5 процентке ұлғайды, - деді Ұлттық банк төрағасы.

Досаев баяндамасында ірі шикізат және инфрақұрылым жобаларын, оның ішінде ТШО, Солтүстік Каспий жобасы, Сарыарқа газ құбырын салуды басқа жобаларға қарағанда іске асыруды жалғастыру үшін материалдар мен жабдық сатып алуға байланысты тауарлар импорты 34,1 млрд АҚШ долларынан 39,4 АҚШ долларына дейін өсуі болжанып отырғанын айтты.

Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Парламент Сенатының отырысында 2022 жылдан бастап инфляция дәлізін төмендету көзделетінін айтқан болатын.  

Өзгелердің жаңалығы