6 айда үй алып беруге уәде берген елордалық «риелтор» ұсталды

17 Шілде 2023, 12:52
910
Бөлісу:
6 айда үй алып беруге уәде берген елордалық «риелтор» ұсталды
Фото: Нұркен Алишев - архив

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған азамат елордалықтарға алты айда пәтер алып беруге уәде еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ҚМА астаналық департаменті «Семейный капитал» қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған азаматтың заңсыз әрекетін анықтады.

Ол тұрғын үй сатып алу бойынша жалған бағдарлама жасап, клиенттермен келісімшарт жасасқан, оның шарты бойынша 300 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейінгі инвестиция, 30 пайыздан 60 пайызға дейін артық төлеммен тұрғын үйді алудың күту мерзімі 6 айдан 10 айға дейін көрсетілген, - деді Әлібек Әбділов.

Алайда азаматтар уәде еткен пәтерлерін де алмаған, салған қаржысын да қайтарып ала алмаған. ҚМА ресми өкілі атап өткендей, азамат жалпы сомасы 450 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген.

Ол қамауға алынып, уақытша ұстау абақтысына қамалды, - деді Әлібек Әбділов.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.

Егер сіз және сіздің туыстарыңыз бен жақындарыңыз, жосықсыз кәсіпкерлердің осындай әрекеттеріне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша ЭТД немесе көрсетілген телефондар бойынша хабарласыңыз: 1458, 8 (7172) 70 84 79 (ішкі 21384).

Өзгелердің жаңалығы