528 млрд теңге сомасында қарыз берілді – Досаев

26 Қаңтар 2021, 11:47
1501
Бөлісу:
528 млрд теңге сомасында қарыз берілді – Досаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы банктер 528 млрд теңге сомасында 1393 кәсіпкерлік субъектісіне қарыз берген. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.

Ұлттық банктің активтері жоғары деңгейде қамтамасыз етілді. Пандемия кезінде Ұлттық банк қаржы технолигияларын белсенді түрде дамытты. Пандемия екінші соғыстан кейінгі елдердің экономикасына әсер етті. Экономика өсімі Қытайда ғана өскен. 2021 жылы әлемдік экономиканың 5,2 пайызға дейін қалпына келуі күтіледі. Алайда ол неғұрлым баяу қалпына келеді деп күтіліп отыр, - деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, «Қарапайым заттар экономикасы» 400 млрд теңгеге дейін кеңейтілген. 

2020 жылы банктер 528 млрд теңге сомасында 1393 кәсіпкерлік субъектісіне қарыз берді. Президенттің тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейінгі ұлттық төлемді дамыту бойынша бағдарлама қабылданды. Қолма-қол ақша шығындарын екі есе азайтуға мүмкіндік береді. 2020 жылы қарыз нарығын қабылдау мақсатында инновацияларды дамыту тұжырымдамалары қабылданды. Былтырғы жылы Ұлттық банк 28 орталық банкті қамтитын цифрлық зерделеу жұмысын бастады. Ұлттық банк активтер мен тәуекелдерді дамыту жүйесін жалғастыратын болады. Экономиканы қалпына келтіруді жүзеге асыру барысында ақша-кредиттік жүйені қалпына келтіреді, - деді Ұлттық банк төрағасы.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр. Отырыс барысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Атамекен» ұлттық палатасының жұмысы туралы айтты. Бұдан бөлек, ол тұрғын үй саласы туралы айтып өтіп, 2021 жылы 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынатынын мәлімдеді. 
Өзгелердің жаңалығы