2021 жылы 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

26 Қаңтар 2021, 11:28
2354
Бөлісу:
2021 жылы 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылы Қазақстан 17 миллион шаршы метр тұрғын үйді салуды жоспарлап отыр.  

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин айтты.

Үкімет құрылыс көлемін ұлғайту және тұрғын үй инфрақұрылымын жақсарту мәселелерін ерекше бақылауда ұстайды. Биыл 17 миллион шаршы метр тұрғын үйді салу жоспарланған. Инвестициялар көлемі 2,2 трлн теңгені құрайды, - деді Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Ол Қазақстанда 6000 шақырым жол жөнделетінін де айтты.

Көлік инфрақұрылымын ауқымды модернизациялау және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының көлік әлеуетін іске асыру үшін 6000 шақырым автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта жаңартылуы аяқталады. 5800 шақырым жолға ақылы төлемдер енгізіледі, - деді Премьер-министр.

Өзгелердің жаңалығы