Жылдам әрі жоғары табыс табуға қызыққан Тараз қаласының 28 жастағы тұрғыны трейдингке инвестиция салу арқылы мол пайда табуға болатыны туралы ұсынысқа сенген. Ол банктен несие рәсімдеп, ақшаны өзін инвестор ретінде таныстырған азаматшаға аударған.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұл ұсыныстың артында Алматы қаласының 24 жастағы тұрғыны болған.
Алайда жәбірленуші күткен пайдасына қол жеткізе алмады. Керісінше, салған қаражатын қайтару кезінде қиындықтарға тап болған. Нәтижесінде келтірілген материалдық шығын көлемі 1,9 миллион теңгені құрады.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті.
Күдіктіні Ақтөбе қаласының полиция қызметкерлері алаяқтықтың 29 дерегі бойынша жүргізілген тергеу аясында ұстаған. Қазіргі уақытта оның өзге де қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Полиция департаменті азаматтарды оңай табысқа кенелуге уәде беретін ұсыныстарға сенбеуге, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға және күмәнді инвестициялық ұсыныстар үшін несие рәсімдемеуге шақырады.
Еске салсақ, Ақтауда ерлі-зайыпты өзін полицейміз деп таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған. Олар интимдік қызмет көрсететін адамның клиенттері туралы мәліметтерді пайдаланып, ақша талап еткен.
Тағы оқи отырыңыз: Сегіз чемодан, шашылған доллар: «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары не үшін ұсталды?
«Жоғары табысқа кенелесіз»: Ақтөбеде ерлі-зайыпты 8 млн теңгеден астам ақшасынан айырылды
90-жылдардағыдай: Ақтөбеде екі жасөспірім көшеде құрдастарын тонап, телефоны мен күртесін тартып алған