90-жылдардағыдай: Ақтөбеде екі жасөспірім көшеде құрдастарын тонап, телефоны мен күртесін тартып алған

16 жастағы колледж студенттері түнгі саябақта екі кәмелетке толмағанға күш көрсеткен. Полиция оларды қалай ұстады және енді қандай жаза күтіп тұр?

11 Қараша 2026, 10:07
АВТОР
 Ақтөбе облысының Полиция департаменті 11 Қараша 2026, 10:07
11 Қараша 2026, 10:07
102
Фото: Ақтөбе облысының Полиция департаменті

Ақтөбе қаласында криминалдық полиция қызметкерлері көшеде кісі тонады деген күдікпен екі жасөспірімді қамауға алды.

Тергеп-тексеру барысында анықталғандай, 1 қарашада түнгі мезгілде олар облыс орталығында саябақта серуендеп жүрген екі кәмелетке толмағанды ашық түрде тонаған. Күдіктілер күш көрсету арқылы қорқытып, олардың ұялы телефондары мен күртесін тартып әкеткен.

Полиция жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілерді ізін суытпай ұстады. Олар Ақтөбе қаласының 16 жастағы тұрғындары болып шықты. Ұсталғандардың екеуі де жергілікті колледж студенттері, - деп хабарлады Ақтөбе облысының Полиция департаменті.

Жасөспірімдер өз қылмысын мойындады. Олардан тоналған  заттар толық тәркіленді. Қазіргі уақытта тонау дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Қылмыстық заңнамаға сәйкес, мұндай қылмыс үшін (ҚР ҚК 191-б.2-б.) мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.

Еске сала кетейік, тұрғын үйді жалға беру кезінде бірнеше рет алаяқтық жасаған әйел қайтадан сотталды. Пәтер жалға беремін деп 13 адамды алдаған әйелге сот үкімі шықты.

Тағы оқи отырыңыз: Ақтауда су басқан көшеде көлігінің үстіне шығып, балық аулаған жігіт үш бап бойынша жазаланды 

«Жоғары табысқа кенелесіз»: Ақтөбеде ерлі-зайыпты 8 млн теңгеден астам ақшасынан айырылды 

Наверх