Қазақстанның соңғы жаңалықтары

350 азаматты алдаған тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді

9 Маусым 2025, 10:23
632
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

ҚМА-ның Абай облысы бойынша департаменті «Rakhat0425» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұйымдастырушылар азаматтардан қаражат тартып, мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен.

Нәтижесінде 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жиналған.

Сонымен қатар, күдіктілер азаматтарды пәтерлерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Бұл мүлік «инвестициялық жарна» ретінде бағаланған.

Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы