Қорғаныс министрлігі "әскерде қызмет етпеген 27 жастан асқан барлық қазақстандық әскери қайта даярлауға жіберіледі" деген ақпараттың мәтіннен үзіп алынғанын және бұрыс түсіндірілгенін мәлімдеді.
Ведомство түсіндіргендей, Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі, полковник Ғани Артықовтың айтқан сөздері запастағы әскери міндетті азаматтарға қатысты қолданыстағы заңнамалық нормаларға негізделген.
Заңның 33-бабына сәйкес, әскери жиындарға запастағы әскери міндеттілер шақырылады. Әскери жиындар жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын сақтау мақсатында жыл сайын жоспарлы түрде өткізіліп тұрады. Бұл ретте, мерзімді әскери қызметтен өтпеген және заңды негізде 27 жасқа толған азаматтар әскери қайта даярлауға автоматты түрде жіберілмейді, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Сондай-ақ, азаматтардың Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде ақылы негізде ерікті түрде дайындықтан өте алатыны аталып өтті. Оқу мерзімі 40 күнді құрайды және оқу соңында әскери-есептік мамандық беріледі.
Еске салайық, бұған дейін әскерден қашқандар үшін жаңа шектеулер қарастырылып жатқаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
«Жігіттерді кафеден әскерге күштеп әкетіп жатыр»: Қорғаныс министрлігі жауап берді
Қазақстанда 7 және 9 мамыр қалай аталып өтеді: Қорғаныс министрлігі түсіндірді
Өскемендегі сарбаз өлімі: Прокуратура марқұм мен тағы 6 сарбазға қысым көрсетілгенін анықтады