Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков жігіттерді кафеден әскерге күштеп әкетіп жатқандығы туралы тараған ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер: «Қорғаныс министрлігі көшеден жастарды әскерге күштеп әкетпейтіндігін айтқан едіңіздер. Бірақ форма киген адамдар кафеде отырған жігіттерді алып кеткендігі туралы ақпарат тарады. Бұған не деп жауап бересіздер?» деп сұрады.
Сіз айтып тұрған нәрсе – Астанада бір жағдай болды. Ол кісі бірнеше рет смс-хабарлама алған. Бірақ ол келмегендіктен, құзырлы органдар оны іздеп тауып, шара қолданып, жауапқа тартуға мәжбүр болды, - деп жауап берді Қорғаныс министрінің орынбасары.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде жастарды көшеден әскерге күштеп әкетіп жатқаны туралы видео тарады. Онда бір жігітті полиция қызметкерлері мен азаматтық киімдегі екі адамның ертіп әкетіп бара жатқанын көруге болады.
Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі Қазақстанда 7 және 9 мамыр қалай аталып өтетінін түсіндірді.
Тағы оқи отырыңыздар:
2026 жылы Қазақстанда әскери парад өте ме? – Қорғаныс министрлігі жауап берді
Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?