Президент Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жодауында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Президент бұл тапсырма 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асуы керегін айтты.
Мемлекет басшысы ең төменгі жалақы мөлшерін де арттыруды тапсырды. Оның айтуынша, бұл шара азаматтардың табысын көбейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылуға тиіс екенін атап өтті.
Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін дамыту үшін жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, осы бағытты қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен арттыру қажет.
Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.