Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова 2026 жылға педагогтердің жалақысын қосымша индексациялау жоспарланбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, мұғалімдердің еңбекақысы 2019 жылдан бастап “Педагог мәртебесі туралы” заң аясында кезең-кезеңімен артқан.
Соңғы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы екі есеге жуық өсті. Осы уақыт аралығында жыл сайын 25 пайыздық өсім қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда жалақының бұл деңгейі тұрақты сақталып отыр, – деді бірінші вице-министр.